$ 494.87  520.65  4.91

«Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді» - Мамин

Үкімет басшысы экология, ауыл шаруашылығы министрліктеріне, әкімдіктерге ирригациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жобаларын іске асыруды тездетіп бастауды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру 2020-2021 жылдары Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қосымша 500 мыңдай гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шамамен 274 млрд теңге көзделген. 88 мың жұмыс орны құрылады, оған құрылыс және жөндеу жұмыстары кезіндегі 11 мың жұмыс орны және 77 мың тұрақты жұмыс орны кіреді. 

Осы айналымға енгізілетін жерлердегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жылына 165 млрд теңгені құрайды және сауда, өнімді өңдеу, мал шаруашылығы салаларында мультипликативтік әсер етеді.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 1,5 млн гектардан 3 млн га дейін біртіндеп ұлғайту қажеттілігін атап өтті»,  - деді А. Мамин.

Премьер-Министр суармалы жерлердің инфрақұрылымын ауқымды түрде кеңейту агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі серпін беретінін, ол ел экономикасының құрылымында маңызды секторға айналуы тиіс екенін атап айтты. 

«Қабылданатын шаралар 2024 жылға қарай жеміс-көкөніс өнімдері бойынша импортты жүз пайыз алмастыруға мүмкіндік жасайды», - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы экология, ауыл шаруашылығы министрліктеріне, әкімдіктерге ирригациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту жобаларын іске асыруды тездетіп бастауды, сондай-ақ қаражаттың тиімді игерілуіне тиісінше бақылау жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінуі қажет.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, пайдалануға берілетін суармалы жерлерді барынша және сөзсіз игеру бойынша жұмыс жүргізсін. Өңірлер жер учаскелерін уақытында бөлу, фермерлік алқаптарға қажетті инфрақұрылымды жеткізу бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет», - деді А. Мамин. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары