$ 494.87  520.65  4.91

65 жастан асқан тұтқындар түрмеден босатылады

Оған "билік өкілетін асыра пайдалану", "парақорлық" және өзге баптар бойынша айып тағылды.

Әзербайжан коронавирустың таралуын тежеу үшін 65-тен асқан тұтқындарға рақымшылық жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Президент Ильхам Әлиев 6 сәуірде қол қойған жарлыққа сәйкес, алдағы күндері 176 тұтқын (бір Ресей азаматын қосқанда) бостандыққа шығады. Олардың арасында ұлттық қауіпсіздік министрлігінің бұрынғы өкілі 67 жастағы генерал Акиф Ковдаров та бар.

Министрліктің энергетика және көлік қауіпсіздігі баcқармасын басқарған бұрынғы шенеунік 2015 жылы қамалып, 2017 жылы 12 жылға сотталған болатын. Оған "билік өкілетін асыра пайдалану", "парақорлық" және өзге баптар бойынша айып тағылды.

6 сәуірде Әлиев карантин уақытын кемінде 20 сәуірге дейін ұзартты.

Соңғы мәлімет бойынша, Әзербайжанда 641 адамнан коронавирус табылған. 7 адам қайтыс болған. 44 адам жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары