$ 494.87  520.65  4.91

Сирияда бірнеше жарылыс болып, 119 адам қаза тапты

Сирияда өткен жексенбіде болған жарылыстың салдарынан 119 адам қаза тапты. Бұл шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды деп жазады "Орталық Азия жаңалықтары".

Хомс қаласының негізінен алавиттер тұратын орталық ауданында екі көліктің жарылуынан 57 адам көз жұмып, ондаған жан жараланды. Дамаск іргесіндегі шииттік Сайид Зейнаб мешітінің жанында болған бірнеше жарылыс салдарынан 62 адам қаза тапты.

Дамасктің түскейіндегі Сайид Зейнаб қалашығындағы жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды. Мұнда автокөліктер жарылған соң, екі жанкешті содыр адамдар арасына кіріп өздерін жарып жіберген.

Осы аудандағы Сайид Зейнаб мешітін шииттер қасиетті санайды. Ол жерде Мұхаммед пайғамбардың немересі және Әли имамның қызы - Зейнаб жерленген. Жыл сайын мұнда Ирак, Иран және Ливаннан мыңдаған тәу етуші жиналады.

Мешіт пен оның жанындағы қонақүй кешені жақсы күзетіледі, оның іргесінде Сирияда президент Башар Асадтың жағындағы күштерге көмектесіп жатқан "Хезболлах" шииттік әскери тобы жауынгерлерінің қосыны орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары