$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жол ақысы қымбаттайды

Шымкентте екі айдан соң қоғамдық көлік тасымалының ақысы өсуі мүмкін. Қала әкімінің ресми сайтында тарифті көтеру туралы қаулының жобасы жарияланды деп жазады Otyrar.kz.

Осыған сәйкес, енді 1 мамырдан бастап жол ақысы 20 теңгеге қымбаттап, 70 теңгені құрауы ықтимал. Ал соғыс ардагерлері, алтын және күміс алқа иегерлері мен мүгедектер үшін жол жүру ақысы тегін.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың соңында көлік компаниялары тариф құнын көтеруді сұраған болатын. Өйткені, түрлі маркадағы автобустардың қосалқы бөлшектерінің бағасы екі есеге артқан дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары