$ 443.44  480.51  4.88

БҚО құтқарушылары елікке көмек көрсетті

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Орал қаласының маңы, Зашаған ауылының жеке үйлерінің бірінің ауласында елікке көмек көрсетті. Мұндай операциялар құтқарушылардың тәжірибесінде алғаш рет кездесіп отыр деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

 

Елікті қала тұрғындарының бірі тауып алып, құтқарушыларға дереу хабар беріпті. Мамандар жануарды жас табиғат зерттеушілері стансасына алып келген. Мұнда тексеру барысында еліктің мойын сүйегінің шығып кеткені анықталған.

Қазіргі таңда жабайы жануарға қажетті көмек көрсетіліп, ол аталған станцияда өмір сүріп жатыр. Мал дәрігерлері жаралы елікті әзірге табиғатқа жіберуге болмайтынын айтып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары