$ 443.37  474.49  4.83

Қазақ шекарасының темір қазықтарын ұрламақ болған қырғыз азаматы ұсталды

Қазақстанның Қырғызстанмен шектесетін бөлігіндегі шекара қазықтарын ұрламақ болған қырғыз азаматы қолға түсті деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

«Тараз» шекара отрядының «Гродеково» шекара заставасының аумағында, заставадан 18 км қашықтықта, Мемлекеттік шекара сызығының жанынан шекара наряды шекаралық қоршаудың темір қазықтарын ұрламақ болып жүрген жерінен бір қырғыз азаматын қолға түсірді. Тағы екі салтатты адам көрші елдің аумағына ішкерілей қашып үлгерді» делінген аталған хабарламада.

Ешқандай құжаты жоқ азамат өзін 1967 жылы туған қырғызстандықпын деп таныстырды.  Оның іс-әрекеті ҚР Қылмыс кодексінің 392 бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, құқық қорғау орындарына берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары