$ 446.49  475.38  4.79

Непалда екі күнде екінші ұшақ апатқа ұшырады

Непалдың батысындағы таулы аймақта соңғы екі тәулікте екінші жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Associated Press жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап. Бүгін құлаған әуе кемесінің бортында барлығы 11 адам болған.

Үкімет өкілі Падамлал Ламичанның айтуынша, соңғы орын алған апаттың салдарынан кемі 1 адам қаза тапты. Өзгелерінің жағдайы әлі белгісіз. Ұшақтың қозғалтқыш бөлігінде ақау пайда болған соң пилот таудың үстіндегі жазық жерге қонбақ болған көрінеді. Алайда, оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, ұшақ жерге құлаған.

Апат болған жер шатқалдарда орналасқандықтан құтқарушылардың жетуі қиындық туғызуда. Ең жақын маңдағы елдімекен 4 сағаттық жолда. Қазіргі таңда құтқарушылар мен полицейлер оқиға орнына аттанып кетті.

Айта кетейік, 24 ақпан күні Непалдың орталық бөлігіндегі таулы аймақта да жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ол кезде бортта болған 23 адамның барлығы қайтыс болған еді. Алдын ала болжам бойынша, апатқа қалың тұман себеп болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары