$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында маңызды ұсыныс айтты

Үкімет пандемия кезеңінде шет елдерде қалып қойған Қазақстан азаматтарына қамқорлық көрсетті. Чартерлік ұшақтармен және басқа да көлік түрлерімен елімізге 7 мыңнан аса отандасымыз оралды.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Баршаңызды аман-есен көргеніме қуаныштымын. Бүгінде әлемде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Пандемия көптеген елдің қоғамдық, экономикалық өмірін тоқырауға ұшыратты. Үкімет пандемия кезеңінде шет елдерде қалып қойған Қазақстан азаматтарына қамқорлық көрсетті. Чартерлік ұшақтармен және басқа да көлік түрлерімен елімізге 7 мыңнан аса отандасымыз оралды. Елімізде коронавирус індетінің таралуы шарықтау шегіне жетпегенін ескере отырып, Төтенше жағдай режимін және карантин шараларын сақтау сәуірдің аяғына дейін созылды.

Бүгін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес Бірлескен мәлімдеме жасайды. Аталған шаралар індеттің таралуына қарсы күресте және ел экономикасын тұрақтандыруда маңызды құрал болмақ. Жоғары еуразиялық экономикалық одақтың ұзақ мерзімді орнықтылығы сауда процестерінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта сауда - "төрт еркіндіктің" ең басты бағыты. Еуразиялық даму банкі бірлескен жобамыз бар. Бұл банк дағдарыстан кейінгі кезеңдегі бірлескен жобаларымызды қаржыландырудың тиімді құралы болуға тиіс", - деді Тоқаев отрыс барысында.

Президент, мұнан бөлек, Қазақстанның коронавирусты анықтайтын тест жүйесін әзірлеу жұмыстарына білек сыбана кіріскенін жеткізді.

"Бүгінде Қазақстан коронавирусты анықтайтын тест жүйесін әзірлеп, вакцина дайындауға кірісіп кетті. Осындай жұмыс Одақтың басқа да елдерінде жүргізілуде. Бұл салада Ресейдің де жетістігі мол. Біз ақпарат алмасу, індетті анықтаудың инновациялық тәсілдерін және оны емдеудің жолдарын әзірлеу, елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша өзара іс-қимылдарды жандандыра түсуіміз керек. Мемлекеттерімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты цифрлық тауарлар мен қызметтерге сұраныс артқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігінің аса маңызды екеніне көз жеткіздік", - деген  мемлекет басшысы комиссияға мүше-мемлекеттер үкіметтерімен бірлесіп аталған бағытта ынтымақтаса жұмыс жүргізу үшін нақты ұсыныстар жобасын дайындауды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары