$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да полицей көлігімен екі адамды қағып өлтірді

ШҚО Жарма аудандық ІІБ қызметкері көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазір полицей қамауға алынған.

Оқиға 27 ақпан күні түнде орын алыпты. Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Жанама мен Абай көшелерінің қиылысында 25 жастағы тәртіп сақшысы тізгіндеген «Мазда 626» көлігі жаяу кетіп бара жатқан екі адамды қағып, салдарынан жәбірленушілер көз жұмған. 

«Марқұмдардың екеуі де Қалбатау ауылының тұрғындары. Бірі күдікті жұмыс істейтін АІІБ қызметкері. Екеуі алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Күдікті көлікті мас күйінде жүргізген. Қазір ол қамауға алынды» делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары