$ 443.37  474.49  4.83

Леонардо Ди Каприо алғашқы «Оскарына» қол жеткізді (ВИДЕО)

Голливуд актеры Леонардо Ди Каприо «The Revenant» («Выживший») фильміндегі ролі үшін «Оскар» жүлдесінің «Ең үздік актер» номинациясын жеңіп алды. Ал, «Ең үздік актриса» деген атаққа «Room» («Комната») фильміндегі басты рольдердің бірін сомдаған Бри Ларсон ие болды.

Ал, «The Revenant» фильмінің авторы Алехандро Гонсалес Иньярриту «Үздік режиссер» номинациясында Оскар мүсініне ие болды. Жылдың ең үздік фильмі ретінде Томас Маккартидің «Spotlight» («В центре внимания») картинасы танылды.

Актер Марк Райлэнс «Bridge of Spies» («Шпионский мост») фильміндегі ролі үшін «Екінші пландағы үздік актер» атанса, «The Danish Girl« («Девушка из Дании») фильміне түскен Алисия Викандер «Екінші пландағы үздік актриса» номинациясын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары