$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентті көріктендіру үшін 700 мың жаздық гүл отырғызылады

Оңтүстік Қазақстан облысына биыл көктем ерте келді. Наурыз айы келмей жатып ағаштар бүр жарып, бәйшешек гүлдеді. Осы табиғаттың әсемдігін одан әрі түрлендіру мақсатында облыс орталығында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, Шымкент аумағын көктем маусымына дайындап, көркейтіп, көгалдандыру үшін 2015-2016 жылдар аралығының қыс маусымында бірқатар жұмыстар жүзеге асты.

Атап айтатын болсақ, көктем маусымында ерте гүлдейтін 90 300 дана голландиялық қызғалдақ тұқымдары әкімшілік іскерлік аумағы мен «Қызғалдақ» су бұрқағы гүлзарына, қала әкімдігінің аумағына, «Ордабасы» алаңы мен «Кең баба» саябағының алдына отырғызылды.

Ал, осы жылы қаланы көгалдандырып, көріктендіру үшін сәуір айының 20-нан бастап қала аумағына 700 мыңнан аса жаздық гүл көшеттері егіледі деп жоспарлануда. Көлемі 16 465 м2. жер теліміне яғни шаһардағы әкімшілік іскерлік аумақтары мен орталық қөшелерге, саябақтарға сондай-ақ, гүлзарларға петуния, шафран, тагетис, катарантус, сальвия сынды гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары