$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде өзбек әйел 4 жасар қыздың басын кесіп алып, өзін жармақ болды (ВИДЕО)

Мәскеудің солтүстік-батысында бала күтушісі болып жұмыс істеген әйел өз қарауындағы 4 жасар қызды айуандықпен өлтірген. Сәбидің басын кесіп алып көшеге шыққан ол, тәртіп сақшыларына өзін жарып жіберетінін айтқан. Полицейлер күдіктіні дереу ұстады деп жазады LifeNews.

Тексеру барысында белгілі болғандай, қара киімге оранған әйел Өзбекстан азаматы болып шықты. Гюльчехра Бобокулова мұндай жауыздыққа күйеуінің көзіне шөп салғандығы үшін барғанын айтып отыр. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, ұсталған әйел қылмысқа бармастан бұрын есірткі затын пайдаланған болуы мүмкін. Қазір оның қанында мамандар психотропты заттардың бар екенін анықтады. 1977 жылы туған күдікті сот-психиатриялық сараптаудан өтіп жатыр.

Айта кетейік, 3-4 жас шамасындағы қыздың өлі денесі өзі тұрған өртенген үйден табылған болатын. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, үйден ересектердің кеткенін күткен Бобокулова алдымен қызды өлтіріп, кейін үйді өртеп кетіп қалған.

Өзбек әйелді «Октябрьское Поле» метро станциясының маңынан полицейлер ұстады. Хиджапқа оранып, қолына сөмке ұстаған әйел тәртіп сақшыларының бірден күдігін оятса керек. Жанына барып, құжатын сұраған сәтте ол сөмкедегі қыздың басын шығарып, өзін жарып жіберетінін айтып айғайлапты. Дегенмен, саперлар әйелдің өзінен және сол маңайдан ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ.

Болған жайтты естіген сәбидің анасы есінен таңып, аурухана жеткізілген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары