Жаңалықтар 29.02.2016 сағат 11:58

Қытайлық тәуіптер әйелдің ішінен "жынын шығарамыз" деп оны тірідей қайнатқан

Қытайдың Сычуань провинциясында екі емші қаралуға келген әйелдің ішінен "жынын шығармақ" болып, оны бөшкеге салып тірідей қайнатқан деп жазады Chinanews.com.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өздерін сиқыршымыз деп есептейтін екі адам бұған дейін де бақсылықпен, адам емдеумен айналысып келген. Олардың құрбаны болған марқұм әйел бірнеше жылдан бері қатты ауырыпты. Дәрігерлерден үмітін үзген оған әлгі сиқыршылар "жын ұрған" деген диагноз қойған. 

Оқиға 27 ақпан күні кешке орын алды. Ауруы асқынып, жанұшыра айқайлаған әйелдің дауысын көршілері естіп үйіне келген. Жаны қиналған науқасты олар ауруханаға апарудың орнына үйге тәуіптерді ертіп алып келіпті. Ол екеуі болса әйелдің ішіне жын кірген деп, оны қайнаған суға шомылдырыпты.

Дәрігерлер жетемін дегенше науқас күйіктен қайтыс болды. Ал, өздерін сиқыршымыз деген бақсылар қамауға алынған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар