Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Т тек батыста және оңтүстік шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде және таңертен жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.