$ 494.87  520.65  4.91

Танымал футболшы жалақысын қысқартуға қарсы шықты

Ол клубтағы басқа футболшылардың таңдауын құрметтейтінін мәлімдеген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил мен тағы екі футболшы жалақысын қысқартудан бас тартты. Бұл туралы Mirror жазды, деп хабарлайды РИА Новости дерегіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz.

Дүйсенбіде "Арсенал" ойыншылар мен бапкерлік штабтың коронавирус пандемиясына байланысты жалақысын 12,5 пайызға азайтуға келіскенін хабарлаған еді. 

Басылымның мәліметінше, "зеңбірекшілер" сапында ең көп жалақы алатын Озил коронавирустан болатын экономикалық әсерді бағалау үшін асыққысы келмейтінін айтқан. Ол клубтағы басқа футболшылардың таңдауын құрметтейтінін мәлімдеген. 

Месут Озил қазіргі келісімшарт бойынша аптасына 350 мың фунт көлемінде жалақы алады. 

Еске салайық, Англия чемпионаты коронавирусқа байланысты мамырдың басына дейін тоқтатылған. Турнирдің нақты қашан жалғасатыны белгісіз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары