$ 449.58  486.94  4.86

Ди Каприо «Оскар» мүсінін мейрамханада ұмытып кетті (ВИДЕО)

Кеше «The Revenant» («Выживший») фильміндегі ролі үшін «Оскар» сыйлығын жеңіп алған актер Леонардо Ди Каприо аталған мүсінін мейрамханада ұмытып кетті деп жазады TMZ порталы. Журналистер бұл сәтті бейнекамераға түсіріп алған.

Ди Каприо мен оның достары актердің жеңісін Лос-Анджелес мейрамханаларының бірінде атап өткен. Көңілді отырыстан кейін жанындағы серіктерімен бірге көлігіне отырмақ болған Ди Каприоға мейрамхана қызметкері келіп, «Оскар» мүсінін ұмытып кеткені айтыпты. Трофейді достарының біріне беруді сұраған актердің өзі болса спирттік ішімдік ішуін ары қарай жалғастырып, көлігіне отырып кете барған.

BangShowBiz порталының жазуынша, мейрамханада көңілді топ «Оскар» мүсінін қолдан-қолға өткізіп, «Қасқырлар үйірі!» деп жиі айқайлаған.

Естеріңізге салайық, Леонардо Ди Каприо бұған дейін бірде-бір рет «Оскар» жүлдесін алып көрмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары