$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да бала тәрбиесіне салғырт қараған 60 ата-ана жауапқа тартылды

Оңтүстікқазақстандық полицейлер үш күн қатарынан жүргізген «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы барысында бала тәрбиесін дұрыс атқармаған 60 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл жөнінде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айтулы шара ақпанның 24-26 күндер аралығында жүргізілген болатын. Оған мыңға жуық полицей мен  прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, тағы да басқа саланың өкілдері жұмылдырылды.

Іс-шара барысында ішкі істер органдарына 500-ге жуық жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 430 – әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Олардың қатарында:

- түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген – 327 жасөспірім;

- қоғамдық орындарда алкоголь ішімдігін ішкен – 7 жасөспірім анықталған.

Олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды.

"Сондай-ақ, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген 7 ойын-сауық орталығы және ойын-сауық орындарында болған 11 жасөспірім анықталды. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 31 жасөспірім Кәмелекетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ювеналды полиция қызметкерлері балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін 60 ата-ананы әкімшілік жауапқа тартты. Құқықбұзушылыққа бейім 97 жасөспірім және 68 қолайсыз отбасы ішкі істер органының есебіне алынды" делінген аталған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары