$ 498.34  519.72  4.85

Сыр оқырмандары әл-Фарабидің рухани мұрасымен танысуда

Сонымен қатар, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен облыс кітапханалары әл-Фарабидің өмірі, шығармашылығы туралы арнайы бейнероликтер дайындап, көпшілік назарына ұсынып келеді.

Қызылорда облысының тұрғындары Шығыс ғұламасы, екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздерін, өлеңдерін оқуды қолға алды. Ұрпақты білім мен тәлім-тәрбие алуға бағыттаған ойшылдың өнегелі сөздерін жарыса оқығандардың қатарында жас жеткіншектер мен ел ағалары да бар. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ұлы ойшыл шығармаларын оқыған оқырмандардың бейнероликтері бүгінде әлеуметтік желілерге жүктелуде. Сонымен қатар, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен облыс кітапханалары әл-Фарабидің өмірі, шығармашылығы туралы арнайы бейнероликтер дайындап, көпшілік назарына ұсынып келеді.

«Әл-Фараби бірнеше тілді еркін меңгерген, әр түрлі сала бойынша зерттеу жасаған ғұлама ғалым. Ол философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Риторика», «Поэтика», «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» сынды бірнеше еңбектеріне түсініктемелер жазған. Екінші ұстаздың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның сол саладағы көрнекті ғалым екенін, философияны терең меңгергенін дәлелдейді. Әл-Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты философиялық еңбектер де жазды. Әл-Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер мен пайымдаулар айтады. Әл-Фарабидің еңбектері өзінің мән-маңызын ешқашан жоғалтқан жоқ. Ғұламаның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның туындылары еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Әл-Фараби Шығыс пен Батыс ғылымын, ежелгі мәдениетін табыстыруда үлкен еңбек атқарды. Ғұламаның еңбектерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау басты парызымыз», - дейді тіл маманы Ләззат Егізбайқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби