24.04.2020, 19:33

Алматы: 18 күнде салынған аурухананың құрылысы қалай жүрді?

Сәуір айының басында провизорлық госпитальдың құрылысы басталған болатын осы орайда 4 сәуір күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған госпитальдің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Елімізде Төтенше жағдай жарияланып, ақ халаттылар коронвируспен күресіп жатқан уақытта ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия маңызды шешім қабылдай білді. Аз уақытта көп күш жұмсап, модульді жұқпалы аурулар ауруханасын салу басты нақты қадамдардың бірі болған еді. Біз осы орайда дер кезінде шешім қабылданып, аз ғана уақытта салынған 280 орындық аурухананың құрылысы қалай жүргеніне шолу жасап көрдік, - деп хабарлайды Sn.kz.

Сәуір айының басында провизорлық госпитальдың құрылысы басталған болатын осы орайда 4 сәуір күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған госпитальдің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. 

280 орынның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі госпиталь тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтереді деп жоспарланған болатын. Яғни алдын ала белгілі болғанындай, салынып жатқан аурухана коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және қатерлі індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арналған.

Алма ықаласының әкімі құрылыс жұмыстарымен танысу барысында бұл аурухана қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Мұндай госпитальдар бізге індет жұқтырған жандарды дер шағында анықтауға, оларды дереу оқшаулауға және науқастардың уақытылы әрі жүйелі ем-дом қабылдауына мүміндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұратын боламыз», – деді Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев.

Осы кезде қала әкімі жаңа нысанның жоспаоры мен сызбаларымен танысқан болатын. Дәл осы уақытта орнын тегістеу жұмыстары қызып жатқан еді, сонымен бірге қала басшысы аурухананың құрылыс алаңын толықтай аралап шықты. 

Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев өз кезегінде осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірлесіп госпитальға аса қажетті құрал-жабдықтар мәселесін қарастырды.

Сондай-ақ, мердігер компания өкілдеріне қолға алған барлық жұмысты сапалы әрі уақытында бітіруді жүктелген болатын. 

Сонымен, жаңа медициналық мекеме 18 күннің ішінде бой көтеріп үлгерді. Ал сәуір айының 24-і күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған мекеменің ашылуына қатысты. 

28 адамға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында 9 клиникалық бөлімше, 28 төсекке арналған реанимация бөлімшесі, бір кісілік және далаға бөлек шығуға болатын 10 палата, динамикалық бақылауда болатын бес бір кісілік палаталары бар қабылдау бөлімі бар. аурухананың ашылуында қала әкімі бұл кешеннің жұқпалы орындардың жеткілікті қорын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«Бүгін біздің дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер ұйқысыз әрі демалыссыз коронавирустық инфекциямен күресуде. Өздерін аямай, бізді қорғауда. Біздің міндетіміз – олардың жұмысына барлық жағдайды жасау. Жаңа кешен жұқпалы орындардың жеткілікті қорын құруға мүмкіндік береді. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысының айтуынша, аталған аурухана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Реанимация бөліміне 28 ӨЖЖ аппараты қойылды. Сондай-ақ, компьютерлі томограф, қан газы мен электролиттер, метаболиттер анализаторы, электрокардиограф, мониторлар, перфузорлар, жедел диализ жүйесі, медициналық диагностикалық рентген жүйесінің керек-жарақтары, ультрадыбыстық зерттеуге арналған аппараттар, бактерицидті шамдар сияқты жабдықтар орналастырылды. Сонымен қатар, мобильді рентген аппараты, зертханаға арналған жабдықтар да бар.

Модульді кешен штатында 75 дәрігер, 100 медбике және кіші медициналық қызметкерлер бар, персоналға арналған үй-жай қарастырылған. Мекеменің барлық қызметкерлері «Атакент парк отель» қонақ үйіне орналастырылып, таңертең және кешкі уақытта тегін тасымалданады. Сондай-ақ, зертханаға арналған төрт үй-жай, КТ, рентген, эндоскопиялық жабдықтар, УДЗ және электрокардиограф орнатуға арналған жеке үй-жайлар бар.

Бір қабатты екі корпус және екі қабатты төрт корпустан тұратын модульді кешен өзара галерея арқылы байланысқан. Сондай-ақ, желдеткіш пен кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізу, электрлі жылытумен жабдықтау жұмыстары аяқталды.

Айта кетейік, шаруашылық-тұрмыстық су ағыны арнайы жинағыш ыдысқа құйылып, жиналады. Өрт дабылы және бейнебақылау жүйесімен де қамтамасыз етілді. Трансформаторлық қосалқы стансаны орнату қарастырылған.

Аурухананың ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев кешеннің сапасы мен медициналық жабдықтармен жарақтандырылуына жоғары баға беріп,  кешенді қысқа мерзімнің ішінде салып біткен құрылысшыларға алғысын білдірді. Жаңа жұқпалы аурулар кешені уақытша ғимарат болғанына қарамастан, осындай мекемелерге қойылатын халықаралық талаптарға жауап береді.