$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да мұғалім әріптестеріне оқ атқан

Шардара қаласындағы А.Иманов атындағы орта мектеп директорының орынбасары суық қарумен әріптестеріне қарай оқ атқан деп жазады TVK порталы. Қазіргі таңда оның үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалып, сотқа өткен.

Оқиға былтыр 29 желтоқсан күні орын алыпты. Алайда, бұл туралы тек бүгін ғана белгілі болып отыр. Тергеу мәліметтерінде көрсетілгендей, аталған мектептің ер мұғалімдері Оңдасынов көшесінің бойына жиналып, өзара туындаған мәселені шешпек болған көрінеді. Барлығы спирттік ішімдік ішіп алған. Алғашында, директордың орынбасары ерегіске барғысы келмей, үйіне қайтып кеткен екен. Алайда, араға бірнеше минут салып, ол оқиға орнына аңшы мылтығымен оралған.

"Күдікті алкогольдік ішімдік ішіп алып, әріптестеріне қару кезенген. Бірақ, оқты жоғарыға қарата атыпты. Бұл ауыр қылмыстардың санатына жатады" дейді Шардара аудандық ІІБ тергеу бөлімі басшысының орынбасары Мұрат Халмұратов.

Мектеп басшылығының айтуынша, күдікті аталған оқу орнында 5 жылдан бері жұмыс істейді екен. Осыдан бір жыл бұрын директор оны өзіне орынбасар етіп тағайындаған.

"Иә, мен аңшымын, аттым. Бірақ, ешкімді өлтіргенім жоқ. Мен мұндай қылмысқа ешқашан бармаймын. Тіпті, ешкім жаралаған жоқ, үстімнен ешқайсысы арыз да түсірмеген. Бұл іске білім бөлімінің қызметкері араласып отыр, сондықтан осындай шу көтерілуде" дейді күдікті.

Ең қызығы, әріптестеріне оқ атқан "завуч" әлі күнге дейін дәл сол мектепте, діл сол қызметін жалғастырып жатыр. Директор болса өз орынбасарынан мұндайды күтпегенін айтты.

"Ол 1985 жылғы, менің орынбасарым. Шымкентте білім алған. Өте білікті жас маман. Аталған оқиғаны естідік. Оның өзі сол күні аңшылықтан келе жатқанын айтты. Әзірге ешкім бізге ақпар берген жоқ. Тергеу жүріп жатыр" дейді мектеп директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары