$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да тағы бір жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

15 жастағы Нодира Эркинова 1 наурыз күні өз үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Полицейлер мен ерікті тұрғындар жасөспірімді екі күннен бері іздеп жатыр, алайда, әлі нәтижесіз.

Жоғалған қыз Бәйдібек ауданы Шаян елдімекенінде тұрады. Ол 1 наурыз күні таңертең сағат сегіздер шамасында үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Туыстары әзірге қандай да бір болжам айта алмай отыр. Ал, тәртіп сақшылары оның баруы мүмкін деген жерлерді аралап, қыздың сыныптастарын, құрбыларын сұрақ астына алды.

Нодираның бойы 150-155 сантиметр, арықша денелі, шашы иығына түсетін сары түсті, көзі қоңыр, қыр мұрынды. Үстіне киген киімдері: қоңыр түсті былғары ұзын күртеше, қара-көк түсті вильвет спорттық костюм, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім (кеды), басында қызыл түсті кепкасы болған.

Естеріңізге салайық, ақпан айының басында ОҚО-дағы Ордабасы ауданында 6 жасар сәби жоғалып кеткен болатын. Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін бала мен оны ұрлаған әйел Арыс қаласынан ұсталды. Күдіктінің не үшін мұндай қадамға барғаны қазір анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары