$ 449.58  486.94  4.86

Алматы әкімі абаттандыру жұмыстарымен танысты

«Елді-мекендерді абаттандыру» бағыты бойынша 12,5 мың жұмыс орнын қамтитын 125 жоба іске асырылады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен танысты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Б.Сағынтаев қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобаларды іске асыру кезінде «Жаңа Алматыдағы» ықшамаудандар басты назарда болатынын атап айтты.

«Бір ғана Алатау ауданында бірден 20 жоба жоспарланған. Соның ішінде «Қарасу» ықшамауданында рекреациялық аймақтың құрылысы, «Шапағат» пен «Зерделіде» скверлерді жөндеу жұмыстары көзделген. Мұндай жұмыстар басқа аудандарда да жүргізіледі», – деп жазды қала әкімі инстаграм парақшасында. 

Шаһар басшысының айтуынша, қала тұрғындарының уақытын қолайлы өткізу үшін жаяу жүргіншілер аймағын және көппәтерлі тұрғын үйлерге іргелес орналасқан аумақтарды абаттандыру, балалар алаңдары мен ауладағы спорт алаңдарын салу, арық жүйесі мен жарықтандыруды жөндеу жұмыстары қарастырылған.

«Сапалы әрі төзімді материалдарды пайдалану қажеттігіне назар аударылады. Бұл ретте қойылатын орындықтар мен көше шамдары ыңғайлы, ұзақ мерзімді қызметке жарамды, безендірілуі жағынан қалалық кеңістіктің сәулеттік келбетіне сәйкес болуы тиіс», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

«Елді-мекендерді абаттандыру» бағыты бойынша 12,5 мың жұмыс орнын қамтитын 125 жоба іске асырылады. Жалпы, ағымдағы жылы «ЖҚЖК» аясында 214 жоба бойынша 26 мың адам жұмысқа орналасады.

Айта кетейік, қала әкімінің «Жаңа Алматыдағы» ықшамаудардар деп атап отырғаны, Алатау ауданы. Бұл ауданда 20 жоба жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қарасу» ықшамауданында рекреациялық аймақтың құрылысы, «Шапағат» пен «Зерделіде» скверлерді жөндеу жұмыстары көзделген. Ал Алатау ауданының өзі Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен 2008 жылдың 04 шілдесінде құрылған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары