Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте ауырғандардың үлкені 1958 жылғы азамат, кішісі - 9 айлық бала.
Осы күнге Қапшағай өңірінде жалпы саны 15 адам тіркеліп отыр. Соған байланысты Қапшағай қалалық штабтың шешімімен Заречный кентіне бүгіннен бастап карантин енгізілді. Анықталған науқастардың барлығы тиісті ем алу үшін медицина мамандарының бақылауына алынды, - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде науқастармен байланыста болған 187 адам анықталған, оның 24-і – жақын байланыста, 163-і – сыртта қарым-қатынаста болғандар. Олар қазір оқшауландырылып, оларға эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.
Дереккөз: BAQ.KZ