$ 448.15  483.46  4.86

«Бала күнінен тағдыр тәлкегіне ұшырады» - Мемлекет басшысы майдангер әкесі туралы (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, оның әкесі басқа майдангерлер сияқты соғыс жайлы, ерліктер мен марапаттар туралы сөйлескенді ұнатпайтын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясына берген сұхбатында майдангер әкесі жайлы айтып берді.

"Әкем бала күнінен тағдыр тәлкегіне ұшырады. Ол ерте жетім қалды, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленді. Содан кейін соғыс басталды, бұл тағы бір батылдық пен төзімділіктің сынағы болды. Ол соғыста көптеген қиындықты басынан өткерді. Қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе білді", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, оның әкесі басқа майдангерлер сияқты соғыс жайлы, ерліктер мен марапаттар туралы сөйлескенді ұнатпайтын.

"Жақында ол 1945 жылдың ақпан-маусым айларында ауыр жарақаттан кейін емделген Омбыда соғыс ардагерлері госпиталінің қасбетіне әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылғанын білдім. Омбы облысы мен қала басшылығына әкемді есте қалдырғаны үшін алғыс айтамын", - деп атап өтті Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары