Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 23 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жұқтырудың жаңа деректері: Нұр-Сұлтанда – 1, Алматыда – 7, Ақтөбе облысында – 4, БҚО-да – 1, Жамбыл облысында – 4, Қарағанды облысында – 1, Қызылорда облысында – 3 және Маңғыстау облысында – 2.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 3597 адамға жетті. Олардың қатарында:
Алматы – 1150,
Нұр-Сұлтан – 653,
Қызылорда облысы – 207,
Шымкент – 204,
БҚО – 153,
Қарағанды облысы – 152,
Атыраус облысы – 146,
Павлодар облысы – 145,
Алматы облысы – 142,
Жамбыл облысы – 140,
Түркістан облысы – 128,
Ақтөбе облысы – 118,
Ақмола облысы – 99,
Маңғыстау облысы – 57,
Қостанай облысы – 50,
СҚО – 30,
ШҚО – 23.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 вирусынан 922 адам емделіп, 25 адам қайтыс болған.