Жаңалықтар 02.05.2020 сағат 07:13

ШҰҒЫЛ!: Өзбекстандағы су тасқыны Мақтаарал ауданына жетіп үлгерді (ВИДЕО)

Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 20:15 шамасында "Сардоба" су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызуды тоқтатқан.
ШҰҒЫЛ!: Өзбекстандағы су тасқыны Мақтаарал ауданына жетіп үлгерді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан "Сардоба" су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1-мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекендерде орналасқан коллекторларға су толған, деп хабарлады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өзбекстан Республикасы ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, 20:15 шамасында "Сардоба" су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызуды тоқтатқан. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрып, тиісті жұмыстарды атқаруда. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамы мен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс елді мекені, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Жеңіс, Нұрлы жол елді мекендеріне су басу қаупі туындап, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан "Мырзакент" мектеп гимназиясында 600 орын, "С.Рахымов" атындағы жалпы орта мектебінде 700 орын, "Пушкин" атындағы жалпы орта мектебінде 400 орын, "Абылайхан" атындағы жалпы орта мектебінде 500 орын дайындалды (барлығы 2200 орын). Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асанов төрағалығымен 2-мамыр күні түнгі 00:00-де штаб мүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді. Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елді мекенінің тұрғындарын (1922 тұрғын) қауіпсіз жерге жаппай көшіру жүргізілуде.

Айта кетейік, жоғарыда аталған 3 елді мекеннен басқа кенттер мен елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар