$ 447.4  477.55  4.76

Адамдармен шүйіркелесіп тұр: Ким Чен Ынның халық алдына шыққан сәтте түсірілген суреттері жарияланды

Дереккөзінше, бұл суреттер 1 мамырда Пхеньянға жақын орналасқан Сунчэон қаласында тыңайтқыштар зауытының құрылысын аяқтау шарасы кезінде түсірілген.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы сыбыс тараған болатын. Ал 2 мамырда Солтүстік Кореядағы билеуші "Нодон синмун" Еңбек партиясының ресми баспа органы Ким Чен Ынның суреттерін жариялады. Бұл оның 20 күннен кейін қатысқан алғашқы іс-шарасы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап. 

Суреттерге көз жүгіртсек, фотода Ким Чен Ын жанындағы адамдармен шүйіркелесіп, сөйлесіп, күлімсіреп тұр әрі оның сөзін жазыр алып жатқан адамдарға ілтипат білдірген. Оның ауырғаны туралы БАҚ өкілдері жазған қауесеттерге қарамастан, ол көңілді әрі дені сау көрінеді.

фото: ТАСС

Дереккөзінше, бұл суреттер 1 мамырда Пхеньянға жақын орналасқан Сунчэон қаласында тыңайтқыштар зауытының құрылысын аяқтау шарасы кезінде түсірілген. Тіпті, "1 мамыр, 2020 жыл" деген баннердегі жазуларды бірнеше суреттен байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ким Чен Ын