Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданында бірнеше елдімекенді су басу жағдайына байланысты Мамин мен Шөкеевке шұғыл тапсырма берді. Бұл туралы президент Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысы Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым", - деді Тоқаев желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан "Сардоба" су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1-мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекендерде орналасқан коллекторларға су толған.