$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да көлік апатынан аяқсыз қалған сәби есін жиды

Оңтүстік Қазақстан облысында мас жүргізушінің салдарынан аяқсыз қалған 1,5 жасар Мәлік Ақнұровтың денсаулығы тұрақтанды. Дәрігерлердің айтуынша, сәби есін жиған.

Естеріңізге салайық, аталған оқиға 26 ақпан күні Шұбарсу ауылында орын алған болатын. Үйінің ауласында велосипедте отырған баланы «Volkswagen Passat» көлігі кеп соғып, салдарынан сәбидің аяғы жұлынып түскен еді. Ішімдікке тойып алған көлік жүргізушісі мен оның серіктері жәбірленушіні ауруханаға жеткізудің орнына анасын жағадан алып, балағаттаған. Әрбір минуттың алтынға тең екенін ұққан әкесі болса сәбиді дереу ауруханаға жеткізіпті. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде хал үстінде жатқан Мәліктің беті енді бері қарады дейді дәрігерлер.

Полицейлер болса 39 жастағы күдіктіні қамауға алып, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның көлікті мас күйінде жүргізгені дәлелденген. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетіпті.

Жәбірленген баланың анасы Ләззат Жаһаншаева тек көлік жүргізушісінің ғана емес, онымен бірге болған серіктерінің де үстінен ішкі істер органдарына арыз түсірді. Олар апаттан кейін дөрекілік көрсетіп, артынша оқиға орнынан қашып кеткен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары