$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде ұстаз, азаншы, молдалардың бәріне мемлекеттік тілді білу міндеттелді

«Одан бөлек, ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет. Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет», - делінген ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарламасында.
фото: ummet.kz
фото: ummet.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға қарасты имам-ұстаздардың лауазымдық міндетін тағы бір жаңа міндетпен толықтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Бас мүфти бұйрығы бойынша ҚМДБ қызметкерлері, республикалық маңызы бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) қалалардың, облыстардың бас имамдары мен наиб имамдары, қала, аудан, ауыл имамдары мен наиб имамдары және ұстаз, азаншы, молдалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі міндеттелді.

«Одан бөлек, ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет. Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның имам-ұстаздары қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Сондықтан олардың мешіт жамағатымен алтын көпір орнатуы үшін мемлекеттік тілді білуі маңызды», - делінген ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары