Жаңалықтар 07.05.2020 сағат 04:20

«ОПГ – Объединенная пивная группа еді...»: саунадағы «ОПГшник» көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Мен Жазылбеков Болатхан, әлеуметтік желіде таралған бейнетаспа туралы сіздерге түсінік бергім келеді...».
«ОПГ – Объединенная пивная группа еді...»: саунадағы «ОПГшник» көпшіліктен кешірім сұрады (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеше ғана біз моншада жалаңаштанып жүріп, өздерін «ОПГшник» деп таныстырған бір топ азаматтың әрекеті туралы жазған едік. Одан кейін сол жағдайға байланысты Бас прокуратура да арнайы мәлімдеме жасады. Енді міне, аталған видео авторының өзі көпшілік алдына шығып, кешірім сұрап әлек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен Жазылбеков Болатхан, әлеуметтік желіде таралған бейнетаспа туралы сіздерге түсінік бергім келеді. Бұл бейнетаспа осыдан 1-2 ай бұрын, карантиннің алдында түсірілген. Расында моншада болған. Бұл бейнетаспаны достарымның арасына ғана жібергенмін. Өзіміздің достар арасында группа болған. Ол группаны «Объединенная пивная группа» деп атадық. Мен соны қысқартып, ОПГ деп айттым. Соған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - дейді ол.

Естеріңізде болса, өткен мақаламызда желі қолданушыларының «Ай, сорлайтын болды өздері! Видеоға түсіріп несі бар?», «Ертең еңіреп тұрмасын, кешірім сұрап. Мені моншаға алдап шақырды, мен білмедім, алаяқтар алдады деп», «Смартфон мой – враг мой деген осы» деген пікірлерін келтірген болатынбыз.

Енді олар үшін мына жайт – «Айттым ғой, әне!» дерлік сылтау ғана. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар