Синоптиктер 7 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты, кей жерлерде жаңбыр жауады.
Ал оңтүстік-батыста күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел қарқыны – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Алакөл ауданында секундына 23 метр жылдамдықпен жел еседі. Атырау, Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.