$ 444.22  476.38  4.82

Болат Өтемұратов апаттан зардап шеккендерге 6 миллион доллар аударды

Бұл қаржыға тасқыннан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына арнап 150 жаңа тұрғын үй салынбақ.
7kun.kz
7kun.kz

Белгілі бизнесмен, меценат Болат Өтемұратов Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың тұрғындарын баспанамен қамтуға 6 миллион доллар бөлді, деп жазады «Түркістан» газеті.

Бұл қаржыға тасқыннан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына арнап 150 жаңа тұрғын үй салынбақ. Жаңа үйлер ауданның әкімшілік орталығы – Мырзакенттегі жаңа ықшамауданда бой көтермек. Онда Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының баспанасыз қалған тұрғындары қоныстанады.

Тағы оқи отырыңыз: Ресейлік кәсіпкер мақтааралдықтардың есепшотына 5 млн доллар қаржы аударды

Жаңа ықшамауданда балабақшалар мен мектептер, тұрғындар тіршілігіне қажетті барлық әлеуметтік нысандар салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары