$ 494.87  520.65  4.91

415 миллион доллар: түріктер Алматы әуежайын түгел сатып алды

Әуежай Air Astana, SCAT, FlyArystan және Qazaq Air компаниясының базасы саналады.

Түркиялық TAV Airports Holding компаниясы өзінің серіктестерімен бірге Алматының халықаралық әуежайының жүз пайыз акциясын сатып алды. Келісім құны – 415 миллион доллар, деп хабарлайды Азаттық радиосы, компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы әуежайы түрік компаниясының портфеліндегі 15-аэропорт болмақ. Компанияның мәліметінше, TAV Airports холдингінің консорциумдегі үлесі 75 пайызды құрайды. Акция барлық заң процедурасы аяқталған соң берілмек.

Алматы әуежайының акциясын 2011 жылы Нидерланд елінің Venus Airport Investments B.V компаниясы сатып алып, содан бері қызмет көрсетіп келген. 2011 жылға дейін Алматы әуежайының акциясын қазақстандық Meridian Capital (50%) және Sat Infosystems (50%) иеленген.

TAV Airports дерегінше, Алматы әуежайы 2019 жылы 6,4 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл – 2018 жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Әуежай Air Astana, SCAT, FlyArystan және Qazaq Air компаниясының базасы саналады.

TAV Airports Түркияның Анталья, Анкара, Измир, Бодрум, Алания қаласындағы әуежайларды, Грузияның Тбилиси мен Батумидегі, Тунистегі, Македониядағы Скопье, Охридтегі, Сауд Арабиясының Мединадағы, Хорватияның Загребтегі әуежайын басқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары