Белгілі бизнесмен, меценат Болат Өтемұратов Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың тұрғындарын баспанамен қамтуға 6 миллион доллар бөлді, деп жазады «Түркістан» газеті.
Бұл қаржыға тасқыннан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына арнап 150 жаңа тұрғын үй салынбақ. Жаңа үйлер ауданның әкімшілік орталығы – Мырзакенттегі жаңа ықшамауданда бой көтермек. Онда Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының баспанасыз қалған тұрғындары қоныстанады.
Тағы оқи отырыңыз: Ресейлік кәсіпкер мақтааралдықтардың есепшотына 5 млн доллар қаржы аударды
Жаңа ықшамауданда балабақшалар мен мектептер, тұрғындар тіршілігіне қажетті барлық әлеуметтік нысандар салынады.