$ 498.34  519.72  4.85

10 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстік және батыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының Алакөл өзенінің аймағында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Ақтөбе облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары