$ 448.15  483.46  4.86

Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тосынсый жасады

Үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарының әндерін ардагерлердің аулаларында орындады.
фото: astana.gov.kz
фото: astana.gov.kz

 Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батырлар соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөлісті. 95 жастағы Барлыбай Табешұлы Курск шайқасына қатысып, артиллерист-нысанашы болып қызмет етті. 

Соғыстан кейінгі жылдары мұғалім болып жұмыс істеген. 95-жастағы Михаил Васильевич соғыс жылдарында миномет ротасының командирі болған. Ол Украин, Румыния, Молдавия, Чехия, Польша, Венгрия, Румыниядан өтті. Соғыстан кейінгі жылдары ол ЖЭО, темір жол, әуежай, вокзал және т.б. құрылыстарына қатысты. 

"Ардагерлердің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Батырларымыздың ұмытылмас ерлігіне бас иеміз. Өмір жолыңыз барлығымызға үлгі-өнеге. Жуырда Ардагерлерді Елбасы құттықтады", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Елорда әкімдігінің қызметкерлері барлық ардагерлерді құттықтады. Үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарының әндерін ардагерлердің аулаларында орындады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына  орай Нұр-Сұлтанда 3 688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Жалпы сомасы 180 млн теңгені құрады. 44 соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары