$ 494.87  520.65  4.91

«Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары баспанамен қамтамасыз етіледі» - Тоқаев

Бұған дейін, Мақтаарал ауданында 31 000-нан астам тұрғын эвакуацияланып, 631 үй судың астында қалғаны жөнінде жазған болатынбыз.
фото: facebook.com/ontustik.gov.kz
фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Түркістан облысына қарасты, Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен тұрғындары баспанамен қамтамасыз етілмек. Бұл жайлы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желіде жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда. Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады", - деді Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында орналасқан "Сардоба" су қоймасының дамбасының бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше елді мекенде орналасқан коллекторларға су толған.

Тағы оқи отырыңыз: «Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген» - Сәкен Қалқаманов

«Там үйлерді қайта бұрқыратпай, жаңа сауда-саттық қаласын салатын-ақ мүмкіндік» - Аятжан Ахметжан

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрып, тиісті жұмыстарды атқаруда. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрамы мен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

 Бұған дейін, Мақтаарал ауданында 31 000-нан астам тұрғын эвакуацияланып, 631 үй судың астында қалғаны жөнінде жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары