$ 498.34  519.72  4.85

Қырғыз азаматы өсек айтқан туысын бауыздап өлтірді

Қырғызстанның Үзген ауданы, Дон-Бұлақ ауылында ер адам өзінің әйелі жөнінде өсек таратқаны үшін 17 жастағы туысынбауыздап өлтірді.

Бұл жөнінде Орталық Азия жаңалықтар қызметіне Ош облысы ІІБ баспасөз хатшысы Жениш Ашырбаев мәлімдеді деп жазады "Орталық Азия жаңалықтары".

Оның дәйегінше, оқиға 7 наурыз күні түнде болған. Қылмыскерлер түнде, қыз ұйықтап жатқанда терезесінен кірген. Қылмысқа қатысы бар деген 22 және 24 жастағы екі күдікті ұсталған. Оның біреуі марқұмның туысы болып шыққан.

Аталған оқиға бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалған. Тергеу ісі жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары