$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді

Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Мемлекет басшысы 11 мамырда Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Ертең, яғни 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деді Берік Уәли.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары