$ 498.34  519.72  4.85

Елорда әкімдігі жалған ақпарат таратпауды сұрады

Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында жарияланады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева тұрғындардан жалған ақпаратқа сенбеуді өтінді. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, баспасөз хатшысының facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады", - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары