11.05.2020, 02:30

Бүгін 00:00-де еліміз бойынша карантин емес, ТЖ режимі ғана аяқталды...

фото: 24.kz
Әсіресе, карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында сақталады.

Қазақстан аумағында коронавирус жағдайына байланысты 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі бүгін 00:00-де аяқталды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, президент 29 сәуірде еліміздегі төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Енді ол бүгін сол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізуді жоспарлап қойды.

Бұл ретте, Қасым-Жомарт Кемелұлы коронавирус жағайына қатысты шараларды бағалап, Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың одан арғы іс-қимылдарының стратегиясын айқындамақ. Бір ескерерлігі, ТЖ режимі алынғанмен, барлық қалалар мен өңірлерде карантин жалғаса береді. Әсіресе, карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында сақталады.

Карантин режиміне байланысты шаралар төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін де сақталатынын бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі еске салған-ды.

«Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Азаматтарымыз қалыпты өмірге біртіндеп оралады деп үміттенемін. Бізде ұзақ мерзімді стратегиялық даму жолы бар», - деген еді сонда ол.