Мәкеуде өз қарауындағы 4 жасар қызды бауыздап өлтірді деп айыпталып жатқан өзбекстандық Гүлчехра Бабакулова «Бутырка» абақтысындағы психиатриалық ауруханаға ауыстырылды деп хабарлайды ТАСС. Бұған дейін ол уақытша ұстау абақтысында тергеуде болған еді.
«Күдіктіні "Печатник" әйелдер абақтысынан "Бутырка" абақтысындағы психиатриалық абақтыға ауыстыру шешімі қабылданды. Ол дәрігерлердің қарауында болады» деді ТАСС тілшілеріне құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөз.
4 наурыз күні Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Ресейдің тергеу комитетіне Бобокулованың 2003 жылдан бері Самарқан облыстық психоневрологиялық диспансерінде тіркеуде тұрғандығын дәлелдейтін құжаттарды табыстаған болатын. Дәл сол күні өзбекстандық құқыққорғаушылар Бобокулованың 19 жастағы үлкен ұлын 15 тәулікке қамауға алды. Бейресми мәліметтерге сәйкес, жергілікті лаңкестер оны Сириядағы соғысқа андыруға дайындаған.
Естеріңізге салайық, 29 ақпан күні Мәскеуде бала күтушісі болып жұмыс істеген Гүлчахра Бобокулова өз қарауындағы 4 жасар қызды өлтіріп, оның басын кесіп алған болатын. Сондай-ақ, қылмысын жасыру үшін ол жәбірленуші тарап тұрған үйді өртеп кеткен. Метро маңында күдіктіні полицейлер ұстады. Ол қолына сәбидің басын алып, көше ортасында өзін жарып жіберемін деп айқайлаған.