Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) ендігіде қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке тырыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz, Tofight.ru. дерегіне сілтеме жасап.
Жеңілмеген америкалық сәуірде ғана GGG-мен жұдырықтасуға ниетті еді. 32 жастағы Андраде WBO титулын 2018 жылы жеңіп алып, үш рет сәтті қорғаған.
"Жұдырықтасқым келетін спортшылар арасында бірінші Головкинді атайтын едім, бірақ, оның уақыты өтті. Ол боксқа бәрін берді, сарқылды. Иә, аты әлі де дүркіреп тұр. Алайда, GGG-мен жалындап тұрғанынында жұдырықтасқаным жоқ, оны жеңетін едім. "Канело" Головкинді күші мығым кезде жеңе алар ма еді? Жоқ. Олардың ендігі жекпе-жектерін де бұрынғыдай қызықтырмайды, бір-екі жыл бұрын асыға күткен оқиға еді", - дейді Андраде Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.