$ 448.89  477.93  4.76

Түркияда ірі жарылыс болып, 28 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Түркия астанасы Анкарада ірі жарылыс орын алып, кемі 28 адам қаза тапты деп хабарлайды «РИА Новости» CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап. Тағы 60-тан астам адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Оқиға бүгін сағат 18:45-те (Астана уақытымен 22:45-те) автобустар аялдамасында орын алған. Бұл қарбалас сәт болғандықтан аялдамада жұмыстан қайтқан адамдар көп болған деп жазады дереккөз. Алдын ала болжам бойынша, жарылғыш зат толтырылған жеңіл көлік автобусқа барып соқтығысқан. Бұл жайында Reuters агенттігі жергілікті TRT телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі таңда жарылыс болған қаланың орталық көшесі толықтай жабылған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары