$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық кітапхана Абай мен әл-Фараби мерейтойын онлайн атап өтіп жатыр

Ұлттық кітапхана қоғамның әлеуметтік-мәдени институты ретінде әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттауға белсенді атсалысуда. Биылғы жылдың басында кітапханада әл-Фараби ғылыми орталығы және Абай әдеби орталығы ашылды.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылғы 16 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялаған әлемдегі коронавирустың пандемиясы салдарынан елде төтенше жағдай енгізуіне байланысты ҚР Ұлттық кітапханасы да барлық мәдениет мекемелері сияқты дәстүрлі жұмыс үрдісінен пайдаланушыларға онлайн-режимде қызмет көрсетудің жаңа форматына көшті, деп хабарлайды Sn.kz.

Ұлттық кітапхана министрліктің жүзеге асыратын барлық жобаларына атсалыса отырып, әлеуметтік желілерде танымдық виртуалды әңгімелер, дәрістер, оқу семинарларын, түрлі әдеби шолулар өткізіп келеді. Оқырман кітап авторлары және кейіпкерлерімен, яғни мәдениет, өнер мен әдебиет, қоғам қайраткерлері және ғалымдармен қашықтықтан өтетін авторлық кездесулерге қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Кітапханалық қызмет көрсетудің тағы бір түрі – бүгінгі күні онлайн-режимде ұсынылатын мәдени-көпшілік шаралар болып табылады. Биылғы жылы бірқатар мерейтойлық іс-шаралар кеңінен аталып өтіледі, атап айтқанда: Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және т.б.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы Абайдың осынау күрделі әлемде біз үшін әрқашан жұлдызды жолбасшы болып келгенін және солай болып қала беретінін атап көрсетті. Кемеңгер ақын әрі ойшылдың өмірі мен шығармашылығы қазақ халқы ғана емес, бүкіл адамзат үшін үлгі. Абайдың шығармашылық мұрасы аса өзекті болғандықтан біз хакімнің асыл мұрасына қайта-қайта үңіліп, оның еңбектерін түсінуге және қайта пайымдауға тырысамыз. Оның зор адамгершілік көзқарастары мен идеялары бүгінгі таңда қоғамдағы әртүрлі үдерістерді қайта зерделеу мен елдің дамуы үшін өте пайдалы болып табылады.

Хакім Абайдың өмірі мен шығарма-шылығына арналған кітапхананың ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, абайтанушы Болат Жүнісбековтің «Абай сәулесі» атты жаңа кітабы бойынша өткізіп келе жатқан онлайн-лекциялар циклының да қашықтықтағы оқырман үшін тағылымы мол әңгімелер екеніне сенімдіміз. Философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Жақыпбек Алтаевтың «әл-Фараби мұрасы» атты дәріс-әңгімесі көрермен қызығушылығына бөленді.

Ұлттық кітапхана қоғамның әлеуметтік-мәдени институты ретінде әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттауға белсенді атсалысуда. Биылғы жылдың басында кітапханада әл-Фараби ғылыми орталығы және Абай әдеби орталығы ашылды. Ұлы даланың ұлы тұлғаларына арналған кітап көрмелері әлем әдебиеті, өнер, диссертация және мерзімді басылымдар оқу залдарында да ұйымдастырылды. Қазір Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасы және оның ақындық мектебі туралы бірнеше кітап жинақтары мен библиографиялық басылымдар баспаға дайындалу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары