$ 494.87  520.65  4.91

«Түсінген де жоқ»: полицейлер жұмысын сынға алып жүрген Руслан Жанпейісов кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жасаған үндеуінде енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, кешірім сұрады.

Белгілі қоғам белсендісі шымкенттік Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жасаған үндеуінде енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, кешірім сұрады.

"Соңғы жеті жылда мен Қазақстан полициясының жұмысын жақсартуға үлес қосуға тырыстым. Видеосюжеттер мен үндеулер жасау барысында мен полицейлердің жұмысын сынға алдым. Себебі олар қателер жіберді. (...) Бірақ мені ешкім тыңдаған да жоқ, түсінген де жоқ", - деді қоғам белсендісі.

Еске салайық, былтыр қыркүйекте Руслан Жанпейісовтің абақтыдан босатылғаны хабарланған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары