19.05.2020, 16:40

Коронавируспен күресуде көзге түскен азаматтар марапатталады

Фото: Дарья Журавлёва
«Ашық НҚА» порталында «Халық алғысы» медалі туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының жобасы орналастырылған.

Коронавирус инфекциясымен күресте көзге түскен Қазақстан азаматтары «Халық алғысы» медалімен наградталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ашық НҚА» порталында «Халық алғысы» медалі туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығының жобасы орналастырылған.

Медаль туралы түсініктемеде коронавирус инфекциясына қарсы күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында осындай шешім жасалып отырғандығы аталып өткен.

Белгілі болғандай, медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне ҚР Парламенті палаталары, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер береді.

Тегтер: коронавирус