$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай тұрғыны өзінің тірі екенін сотта дәлелдеп шықты

45 жастағы Қостанай тұрғыны жеке куәлігін ауыстырмақ болып Халыққа қызмет көрсету ортаығына барғанда өзінің осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болы кеткенін естіген. Бұл жайында "Костанайские новости" порталы хабарлап отыр.

Мұнан кейін ер азамат өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін Қостанай қалалық сотына арызданып, өлген туралы анықтаманың күшін жоюын талап етті.

2003 жылы аталған тұрғын ауруханада жатып, ем қабылдапты. Тиісті емдом жасалғаннан кейін аурухана қызметкерлері оны дәрігерлік еңбек сараптамасынан өтіп, мүгедектік туралы анықтамасын алуға жіберген. Ақау сол кезде кеткен көрінеді. Мұны науқас азамат араға 12 жыл салып біліп отыр.

Бір қызығы, ер азамат өлгендер қатарында саналып келсе де оған жалақы, жәрдемақы төленіп отырған және тұрғылықты мекен-жайына да тіркепті. Енді соттың араласуынан кейін оның өлгендігі туралы анықтама күшін жойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары