$ 494.87  520.65  4.91

Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына шарт қойды

Вашингтонның реформаға қатысты талаптарын орындауы тиіс.
Фото: iXBT.com
Фото: iXBT.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хат жіберіп, ДДСҰ басшылығына шарт қойды. Бұл туралы Baq.kz, CNN дерегіне сілтеме жасап хабарлады.

Егер бұл орындалмаса, Вашингтон ДДҰ-ны қаржыландырудан бас тартып, ұйымнан кететіндігін ашық айтты. 

"Мен салық төлеушілерге дәл қазір Американың мүдделеріне сай келмейтін ұйымды қаржыландыруды жалғастырта алмаймын", - деді Трамп.

Ақ үй басшысы халықаралық ұйымнан Бейжіңмен мәмілеге бармағанын дәлелдеуді талап етті. Әрі Вашингтонның реформаға қатысты талаптарын орындауы тиіс. Дональд Трамп халықаралық ұйым коронавирустың өршігенін 2019 жылдың желтоқсанында біле тұра, ешқандай шара қабылдамаған деп айыптайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары